Ішінде 50 адам болған: Қызылорда маңында автобус аударылып қалды

0
923

Жол апаты Қызылордадан 85 шақырым жерде болған.


Ішінде 50 адам болған: Қызылорда маңында автобус аударылып қалды

ERNUR.KZ. "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жантүршігерлік апат орын алды. Көктайғақтың салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус жолда аударылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

3 желтоқсан күні сағат 05: 25-те "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында мұздың салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлді басқара алмай, оның аударылып түсуіне себепші болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қоғамдық көліктің ішінде 50 жолаушы болған.

Дәл қазіргі сәтте оқиға орнында қаза тапқан төрт адам анықталды. Жапа шеккен 15 адам шығарылды. Құтқарушылар аапатты-құтқару жұмыстары жалғасуды.

Автобус Құмкөл-Қызылорда бағыты бойынша жүрді. Жантүршігерлік оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған.

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті базасында жедел штаб құрылды. (7242) 24-41-61, 70-03-28 сенім телефоны жұмыс істейді.

Оқиға орнында 13 адам мен 4 бірлік апаттық техника, 6 жұмысшы және 2 бірлік МПС жабдығы, 12 жұмысшы және 4 бірлік БМСП техникасы жұмыс істейді.