«Ішіңе кірген жынды шығарамын»: Емшіден таяқ жеген ақтөбелік полицияға шағымданды

0
1 456

Оны еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі ұнтақ ішкізген.


«Ішіңе кірген жынды шығарамын»: Емшіден таяқ жеген ақтөбелік полицияға шағымданды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік емші «ішіңе кірген жынды шығарамын» деп, ем іздеген науқасқа қол көтерген, деп жазады almaty.tv.

«Соңғы уақытта психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдейміз, адамдардың ішіне кірген «жынды» шығаруға көмектесеміз деп жүрген дін ұстанушы азаматтар көбейіп кетті. Олар дұға оқып, әртүрлі шөптен жасалған қоспалар жасап ішкізгені үшін 3000-10000 теңге аралығында ақы алады. Мамыр айының соңында деструктивті діни ағымды ұстанушы тұрғын "емделушінің ішіне жын кірген" деп, оны еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі жағымсыз ұнтақ қоспаларды ішкізген. Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін, полиция қызметкерлеріне жүгінген», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы оқиғаға қатысты ҚР ӘҚБтК 424-бабына сәйкес, яғни, «заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметпен айналысу» фактісі бойынша жалған емшіге айыппұл салынды.