Ішкі істер министрінің бұйрығымен екі оқу орнының басшылары жазаланды

0
442

ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.


Ішкі істер министрінің бұйрығымен екі оқу орнының басшылары жазаланды

Ішкі істер министрлігінің екі ЖОО басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.

"Тексеру Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу мен оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетті.
Бұған қоса оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған. Бұған Академия мен Институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын дұрыс орындамауы себеп болған", - делінген ІІМ хабарламасында.