Ішкі істер министрлігі штат санын 3 мың адамға дейін қысқартады

0
2 435

Қысқартуға ұшырайтындар – күзет қызметіндегілер.


Ішкі істер министрлігі штат санын 3 мың адамға дейін қысқартады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі ведомстводағы және басқа да орталық атқарушы органдардағы штат санының шегіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құжатта 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Ішкі істер министрлігі штаты санының шегін 2 924-ке қысқарту (мамандандырылған күзет бөлімшелері) қарастырылған.

«Белгіленген шекті тағы қысқарту мемлекеттік органдар, оның ішінде Жоғарғы сот пен Бас прокуратураға (аудандық және оған теңестірілген соттар мен қалалық прокуратуралар) бағынатын жекелеген объектілердің мемлекеттік қорғауға жататын нысандар тізімінен олардың күзеті функциясын бәскелес ортаға беруге байланысты шығарылуымен байланысты», - делінген құжатта.

Қазір Ішкі істер министрлігінің штаты 126 563 адамды құрайды, қысқартудан кейін ол 123 639 болуы тиіс.