Испаниядан 150-ден астам қазақстандық елге оралды

0
124

Испанияға емделуге кеткен және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді.


Испаниядан 150-ден астам қазақстандық елге оралды

ERNUR.KZ. Қазақстанның 150-ден астам азаматы Испаниядан отанына оралды, деп жазады ҚазАқпарат.

«28 наурызда Қазақстанның 44 азаматы (көпшілігі студенттер мен бірнеше бала) «Belavia» әуекомпаниясының рейсімен Барселона әуежайынан Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшып кетті. Бұл Мадридтегі Қазақстан Елшілігі және Барселонадағы консулдық қызметкерлерінің тиімді жұмысының арқасында мүмкін болды. Олар Испаниядағы азаматтарымызға күнделікті көмек көрсетуді жалғастыруда.

Испанияда пандемияның жылдам таралуы жағдайында (72 мыңнан аса адам жұқтырған) және рейстердің басым көпшілігі тоқтаған кезде, Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі Мадридтегі Беларусь Елшілігі және «Belavia» әуекомпаниясының басшылығымен Барселонадан ұшуға билетті сатып алған барлық қазақстандық жолаушыларды отырғызуды қамтамасыз ету үшін 28 наурызда ұшатын әуе кемесін үлкенірек түріне ауыстыру туралы келісімге жетті», - делінген мәліметте.

Қазақстандық дипломаттар бірнеше күн бойы отандастарды елге қайтудың жолдары туралы дереу хабарлап отырған.

«Тез арада билеттерді сатып алуға, жағдайды болжау қиын кезде ұшуды кешіктірмеу керектігі туралы ақпараттандырып, мүмкіндікті пайдалануға шақырды. Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттардың көмегімен 150-ден астам қазақстандық Испаниядан түрлі рейстермен ұшып кетті. Испанияға емделуге келген және кәмелетке толмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына ерекше көңіл бөлінеді», - деді министрліктен.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет