Италияда автобус аударылды Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті

0
981

Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғасы сынған, көптеген жарақат алған.


Италияда автобус аударылды Италиядағы ірі жол апаты: тоғыз қазақстандық зардап шекті

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Сиена провинциясындағы (Италия) жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың жағдайы туралы хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"Италиядағы жол апатынан зардап шеккендер арасында тоғыз Қазақстан азаматы бар", - деп мәлімет берді СІМ.

Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, қалған төртеуі қонақүйге орналастырылады.


"Зардап шеккен қазақстандықтардың омыртқасы, бұғанасы, қабырғалары сынып, көптеген жарақат алған", - деп атап өтті ведомство.

Италиялық дәрігерлер зардап шеккендерді қарап, әрі қарай қалай емделуге кеңес береді.

Қазақстандық дипломат отандастарымыздың қасында, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккендердің туған-туыстарына да жол апаты туралы хабар берілді.

Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігіне хабарласу керек: +390636301130.

Сиена провинциясында сәрсенбі күні 60 турист мінген автобус аударылды. Жол апаты салдарынан ресейлік әйел қаза болды, деп хабарлайды РИА Новости. Зардап шеккендердің саны 37 адамға жетті.