Италиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге жеткізіледі

0
238

22 мамыр күні Италияда апатқа ұшырағын автобуста 9 қазақстандықтың бары анықталған болатын.


Италиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтар елге жеткізіледі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Италиядағы жол апатынан зардап шеккен Қазақстанның екі азаматын елге жеткізуді өз мойнына алды, деп жазады almaty.tv.

28 мамырда Денсаулық сақтау министрлігіне Сыртқы істер министрлігінен Қазақстанның екі азаматын Отанына жеткізу қажеттілігі туралы хат түсті. Сол хат бойынша Италияда болған жол апатынан зардап шеккен және қазіргі уақытта жергілікті ауруханада жатқан екі қазақстандықтың медициналық құжаттары қаралды.

Шетелдік мамандардың медициналық қорытындысы бойынша, науқастардың жағдайы әлі ауыр. Олар көп жарақат алғандықтан, санитарлық авиация арқылы елге жеткізу қажеттілігі туындап тұр.

Өз кезегінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды санитарлық авиация арқылы тасымалдауға дайын екендерін білдірді. Қазірдің өзінде арнайы санавияция дайындап қойылған. Рейс жоғары білікті медициналық қызметкерлердің қадағалауымен жүзеге асырылатын болады.

Ал төтенше медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мәліметіне сүйенсек, науқастарды Алматыға әуе арқылы жеткізу жақын күндері жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетсек, 22 мамыр күні Италияның Монтериджони мен Бадессе қалалары тасжолында туристер мінген автобус апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан 55 адамның біреуі қаза болып, 37 адам зардап шекті. Оның 9-ы қазақстандық азамат болып шыққан еді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет