Италиялық компания Маңғыстауда гибридті электр станциясы мен газ өңдеу зауытын салады

0
471

Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылатын болады.


Италиялық компания Маңғыстауда гибридті электр станциясы мен газ өңдеу зауытын салады

Римде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компнаиясы АҚ және Eni S.p.A. (Eni) Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екіжақты құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Eni-дің бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци қол қойды", - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Жоба Eni Plenitude еншілес компаниясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласында жел (77 МВт) және күн электр станциясын (50 МВт), сондай-ақ қуаты 120 МВт газ электр станциясын салуды көздейді. Бұл бастама "ҚазМұнайГаздың" өңірдегі өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылатын болады.

"Жоба бизнес бағыттарды әртараптандыру және "ҚазМұнайГаз" бен Eni қызметінде көміртегі ізін азайту жөніндегі мақсаттарға сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде компаниялардың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Мырзағалиев.
Жоба 2025 жылдың соңында толық қуатына шығады деп жоспарланған. Құрылыс кезеңінде жұмысқа тартылатын қызметкерлер саны 800 адамға дейін, ал іске қосылғанда 80 адамға дейін жетеді.
Айта кетері, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ гибридті электр станциясын салу жобасын ҚР қабылдаған 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасының мақсаттарына сәйкес іске асыруда.