Итті құтқарамын деп адамды өлтірді: Павлодарлық азаматқа сот үкімі шықты

0
429

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Итті құтқарамын деп адамды өлтірді: Павлодарлық азаматқа сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі сот абайсызда адам өліміне себепкер болған 51 жастағы ер адамға үкім шығарды, деп жазады stan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, екі павлодарлық арасындағы жанжалына ЖШС бірінің аумағында жүрген ит себеп болған. Ерлердің бірі екіншісінің жануарды қорлап жатқанын көріп, оны құтқармақ болған.

"Айыпталушы өз жұмыс орнында бола отырып, абайсыздық пен немқұрайлылық танытып, қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін біле тұра, жануарларға жасалған қорлықты тоқтатқысы келіп, жүгіріп барып, жәбірленушінің иығынан жұдырығымен ұрған, содан кейін ол құлап, асфальтқа басын соққан", - деп хабарлады Павлодардың № 2 сотының баспасөз қызметі.

Осы жағдай ер адамның өліміне себеп болды. Ол жабық бассүйек-ми жарақатын алып, екі айдан кейін көз жұмды.

Сот жарыссөзінде прокурор сотталушының бас бостандығын шектеуді, ал жәбірленуші тарап оны колонияға жіберуді талап етті.

"Қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайдаүш жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, кінәсін толық мойындау, шын жүректен өкінуі, сырауында мүгедек баланың болуы ескеріле отырып, сот Павлодар қаласының тұрғынын бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сотталушы зардап шеккен тарапқа үш миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.