Іздеуде жүрген бес қазақстандық Украинадан экстрадициялануы мүмкін

0
676

2018 жылдан бастап Украина бізге сот төрелігінен жасырынған Қазақстанның бес азаматын экстрадициялаған.


Іздеуде жүрген бес қазақстандық Украинадан экстрадициялануы мүмкін

ERNUR.KZ.2018 жылдан бастап Украина билігі Қазақстанға сот төрелігінен жасырынған бес азаматты экстрадициялады. Біздің тағы бес азамат елге экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты Василий Олейник палатаның жалпы отырысы барысында айтты, деп жазады kaz.nur.kz.

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары Қазақстан мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша заң көмегі туралы келісімді ратификациялады. Оның нормаларын талқылау кезінде депутат Василий Олейник өткен жылдың қараша айының соңында "Қазақстан мен Украина арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қол қойылғанын еске салды.

Қарастырылып отырған келісім – екі ел арасындағы құқықтық қатынастарды дамытудағы екінші шарт. Осы келісімнің ережелеріне сәйкес, тараптар бір-біріне қылмыстық істер бойынша максималды заңгерлік көмек көрсетеді, ерікті түрде қылмыстар мен қылмыстық қудалау туралы ақпарат береді және алмасады.

Парламентарий соңғы жылдары екі мемлекет арасында заңгерлік көмекке жүгіну саны көбейгенін айтты: Қазақстан билігі Украинаға осындай 44 өтініш жіберді, ал Украинадан Қазақстанға осындай 13 өтініш түсті.

Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Украина бізге сот төрелігінен жасырынған Қазақстанның бес азаматын берді. Біздің тағы бес азамат экстрадициялауы мүмкін.