​Қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайды

0
1 294

Бұл мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті анықтады.


​Қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайды

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті қай өңірдің тұрғындары көп ұйықтайтындығын анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған ведомство мәліметінше, өңірлер арасында ұйқыға орта есеппен бәрінен жоғары Жамбыл облысының тұрғындары 9 сағат 48 минут, ал төмен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 8 сағат 42 минут уақыт жұмсайды екен.

Сонымен қатар Қазақстандағы әйелдер ас әзірлеу, кір жуу, ыдыс жуу, жинастыру үй шаруасына орта есеппен күніне 4 сағат 48 минут шығындайды.

10 жастан 14 жасқа дейінгі балалар оқуға орта есеппен күніне 4 сағат 36 минут шамасында уақыт кетіреді.

Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан облысында ерлерде ең көп бос уақыты 5 сағат 44 минут болса, Жамбыл облысындағы ерлерде ең аз бос уақыт 3 сағат 58 минутты құрайды.

Жалпы, Статистика комитетінің дерегінше, ауылды жерде тұратын халық (62,2%) қалалы жерде тұратын халыққа (53,2%) қарағанда өзінің өміріне көбірек қанағаттанады.