Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары болды

0
845

Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрлігін 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін басқарған болатын.


Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары болды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болды. Бұл туралы ұйым төрағасы және Албания премьер-министрі Эди Рама мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бізде жаңа басшыларды тағайындауға бәрі дайын екеніне қуаныштымын. Хельга Шмид бас хатшы, Маттео Мекаччи ДИАҚБ (Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро - авт. еск.) директоры, Тереза Рибейро БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі болды.
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары болып тағайындалды", - деді Рама.

Қайрат Әбдірахманов Сыртқы істер министрлігін 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін басқарған болатын.

Елші ретінде Әбдірахманов әр жылдары Израильде, Австрияда, Словенияда жұмыс істеген. 2008-2011 жылдар аралығында ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болған. Бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған еді.

ЕҚЫҰ - әлемдегі ең ірі аймақтық қауіпсіздік ұйымы. Оған Солтүстік Америка, Еуропа мен Орта Азияда орналасқан 57 ел кіреді.