Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

0
685

17 наурызда Қазақстан кәсіпкері Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды.


Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

ERNUR.KZ. Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы 23 қарашада Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

"12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты", - делінген сот хабарламасында.

17 наурызда Қазақстан кәсіпкері Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

30 қыркүйекте Қайрат Боранбаевқа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды.