Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды

0
766

​Халықаралық байқауға тағы бір қазақстандық - Аяна Сұлтанбекова қатысады.


Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды

фото: Жұлдыздың жеке инстаграм парақшасынан алынған

ERNUR.KZ. Дүниежүзіндегі ең сұлу әйел байқауында екі қазақстандық бақ сынайды, деп жазады sputnik.kz.

Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстан атынан шығады. Ал астаналық 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова Орталық Азия атынан қатысады.

Байқаудың www.mrsuniverseltd.com ресми сайтында Аяна Сұлтанбекова Қазақстаннан екені жазылған. Алайда Қазақстаннан бір қатысушы болғандықтан, ол сайысқа Орталық Азия атынан барады.

Сұлтанбекова Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында туған. "Назарбаев Университетінің" "мемлекеттік басқару" мамандығында магистратурада оқиды.

Аяна халықаралық байқауға жеңіс үшін емес, 45 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасу қиындығы мен қайта даярлау бағдарламасына назар аудару үшін қатыспақ.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Mrs. Univers байқауына қатысатынын айтқан болатын.