Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме? – Гүлзира Айдарбекова шындықты айтты

0
1 687

Соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады


Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме? – Гүлзира Айдарбекова шындықты айтты

ERNUR.KZ. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келініне қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Енді халық болғасын айта береді ғой. Біреудің отбасына килігіп...қажеті жоқ сияқты. Ажырасқан жоқ, бәрі жақсы", - деді Гүлзира Айдарбекова Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, соңғы кезде әлеуметтік желіде "Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті" деген әңгіме тарай бастады. Желі қолданушылары Әбдікәрімованың Қайратпен бірге түскен суретін соңғы рет бір ай бұрын жариялағанын да байқады.

Ал Қайрат Нұртас сәуір айында Жұлдызбен бірге түскен суретін шығарды. Сол кезде әнші жұбайын туған күнімен құттықтаған болатын.

Қайрат пен Жұлдыз Instagram-да бір-біріне қазіргі уақытта жазылмаған. Енесі мен келіні екеуі де бір-бірінің парақшасына жазылмаған.