Қайрат Сатыбалды жазасын қайда өтейтіні белгілі болды

0
1 548

Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" қаражатын талан-таражға салды деген айыппен 6 жылға сотталған болатын.


Қайрат Сатыбалды жазасын қайда өтейтіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Ол сотпен белгіленген алты жылын арнайы түрмеде өткізеді, деп жазады exk.kz.

Бұл туралы ақпарат Telegram арналарының біріне жарияланды. Ондағы мәліметке сенсек, Қайрат Сатыбалды тергеу изоляторынан Шығыс Қазақстан облысындағы №22 колонияға жеткізілген. Ол еліміздегі арнайы және құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған түрме. Астана қалалық соты бұл ақпаратты растаған көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" қаражатын талан-таражға салды деген айыппен 6 жылға сотталған болатын. Ол мемлекетке келген залалды толық өтеген.