Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды

0
613

Ол аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қамауға алынған болатын.


Қайрат Сатыбалдыұлы екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Сот Қайрат Сатыбалдыұлын қамауға алуға санкция берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген сот хабарламасында.

Сол сияқты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны атап өтілді.

Айта кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергейтіні белгілі болды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кеше Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе Қайрат Сатыбалдыны банкпен байланыстырғандарға қатысты түсініктеме берді.