Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін

0
311

26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.


Қайрат Сатыбалдыұлы мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босауға мүмкіндігі бар екенін айтты. Жақында сот Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады zakon.kz.

Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сотта тек екі эпизод – "Қазақтелеком" мен "КСО" бойынша қаралғанын айтты.

26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.

"Ол жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін - бұл террористік қылмыс сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың бәріне қолданылады", - дейді Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.

Ол қазір басқа істер тексеріліп жатқанын айтты.

"Экономикалық сұрақтар қарастырылып жатыр. Сондай-ақ салық, қылмыстық жолмен табылған қаражат және басқа да бірқатар істер бар", - дейді Әсет Шындалиев.