Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі күдікке ілініп, қамалды

0
824

Г.Сатыбалды Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалған.


Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі күдікке ілініп, қамалды

Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы да күдікке ілінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталып, екі айға қамалғаны туралы жазған болатынбыз.