Қайық қағып кеткен: Павлодарда суға батқан 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды

0
608

Қазір тағы бір суға батқан ер адам іздестіріліп жатыр.


Қайық қағып кеткен: Павлодарда суға батқан 40 жастағы әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда Ертіс өзенінде қайық қағып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп жазады stan.kz.

Марина Алексеенко есімді 40 жастағы қала тұрғыны ақылы жағажайға ұлымен бірге демалуға келген. Таныстарын жолықтырған ол өзенді жүзіп өтпек болған. Алайда суда Майами жағажайының жолаушыларын тасымалдаушы әйелді ұлының көзінше қағып кеткен. Еріктілердің сөзінше, қайықты тізгіндеген де, жолаушылар да әйелді көрмеген.

5 қыркүйектен бастап "Vita" іздеу тобы әйелді іздестірген. Бір күннен соң олар әйелдің өлі күйінде табылғанын мәлімдеді.

"Қазір ғана еріктілер әйелдің денесін тапты. Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.

Қазір тағы бір суға батқан ер адам іздестіріліп жатыр.