Қайын апасына смс жіберген Атырау облысының тұрғыны жауапқа тартылды

0
765

Оқиға Атырау облысындағы Жылыой ауданында болған.


Қайын апасына смс жіберген Атырау облысының тұрғыны жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Атырау облысы Жылыой аудандық сотында жергілікті тұрғынға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп жазады sputniknews.kz.

Ол телефон арқылы қайын апасына намысы мен ар-ожданына тиетін ауыр сөздер жазған. Бұл сот отырысында белгілі болды.

Хабарлама жіберген тұрғын сот процесі барысында кінәсін мойындағанына қарамастан, судья жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Қайын апасына хабарлама жіберген әйел ҚР әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-тармағы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша кінәлі деп танылып, 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.