Қала маңындағы ауылдардың проблемаларын шешуге 30 млрд теңге бөлінеді

0
325

Сенатта «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралуда.


Қала маңындағы ауылдардың проблемаларын шешуге 30 млрд теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов айтты, деп жазады BAQ.KZ.

«Бюджет нақтылаудың негізгі бағыты – Президенттің жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру. Оларға биылғы жылы 481,3 млрд теңге бөлінді. Олар мынадай іс-шаралар бойынша: бірінші – 2019 жылы 261,3 млрд теңге шығыстар азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейтуге жіберілді. Екінші – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге шығыстар аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталады. Үшінші – 90 млрд теңге шығыстар өңірлік инфрақұрылымды дамытуға арналады. Олар жергілікті жолдар желісін дамытуға, сумен жабдықтауға, су бұру мен су шаруашылығына, газбен жабдықтау мен электр энергетикасына бағытталады», - деді Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, жаңа бағыт бойынша ірі қалалардың шет аймағының проблемаларын шешуге биылғы жылы 30 млрд теңге бөлінеді.

«Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының қала маңындағы ауылдарына 15 млрд теңге, Алматы қаласына 10 млрд теңге және Шымкент қаласына 5 млрд теңге бөлінеді. Төртінші – 2019 жылға арналған 30 млрд теңге шығыстар «Ауыл – ел бесігі» жаңа арнайы жобасын іске асыруға бағытталады», - деді Берік Шолпанқұлов Сенат отырысында.

Атап өтсек, Сенатта «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралуда.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет