Қала мәртебесінен айырылуы мүмкін 13 елдімекеннің тізімі жарияланды

0
1 117

Елімізде аудандық маңызы бар 48 қаланың 10-нан астамы қала мәртебесіне сай емес.


Қала мәртебесінен айырылуы мүмкін 13 елдімекеннің тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. 3 желтоқсанда Сенат отырысында «Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға түзетулер қабылданды, онда аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл мәртебесіне өзгерту көзделген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сенатор Нұрлан Бекназаров қолданыстағы заңға сәйкес, ауыл мәртебесі берілуі мүмкін қалаларға кемінде 10 мың тұрғыны бар елдімекендер жатады. Депутаттың айтуынша, елімізде аудандық маңызы бар 48 қаланың 10-нан астамы бұл талапқа сәйкес келмейді және олардың мәртебесі халықтың аздығына байланысты өзгеруі мүмкін.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросындағы мәліметке сәйкес, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде аудандық маңызы бар 13 қаладағы тұрғындар саны 10 мыңнан кем. Олар:

  • Степняк қаласы - Ақмола облысы Біржан Сал ауданының әкімшілік орталығы. Қазір 3 457 адам тұрады, халық саны төмендеуде.
  • Ерейментау қаласы - Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімшілік орталығы. 1 қазандағы жағдай бойынша онда 8 819 адам тұрады.
  • Державинск қаласы - Ақмола облысы Жарқайың ауданының аудан орталығы, онда 5 811 адам тұрады.
  • Темір қаласы - Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала, онда 2 135 адам тіркелген. Ашық дереккөздерде онда тұратын халық саны азайып бара жатқаны айтылған.
  • Жем қаласы - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала. 2019 жылғы мәлімет бойынша, ондағы тұрғындар саны 1 772 адамды құрады.
  • Шар - ШҚО Жарма ауданындағы қала. 1 қазандағы жағдай бойынша, онда 6 534 адам тұрады.
  • Серебрянск қаласы - ШҚО Алтай ауданындағы қала. Өткен жылы онда 8 429 адам тіркелгені айтылған.
  • Қарқаралы қаласы - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. Онда 8 237 адам тіркелген. Халық саны өсіп келеді.
  • Қазалы қаласы - Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы қала. Бұл жерде 5 540 адам тұрады, халық саны азайып келеді.
  • Форт-Шевченко - Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегіндегі (Түпқараған мүйісі) қала. Халық саны - 6 771.
  • Сергеевка қаласы - СҚО Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы. Қазан айындағы мәлімет бойынша, онда 7 610 адам тіркелді.
  • Булаев қаласы - СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы. Қазан айындағы мәлімет бойынша онда 7 681 адам тұрады.
  • Мамлютка қаласы - СҚО Мамлют ауданының әкімшілік орталығы. 2019 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 9 664 адамды құрады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, мына қалаларда 10 мыңның айналасындағы саны бар тұрғындар тұрады:

  • Есіл - Ақмола облысы Есіл ауданының әкімшілік орталығы. Халқы 10 265 адам құрайды.
  • Сарқант - Алматы облысы Сарқан ауданының орталығы, халқы - 10 521 адам.
  • Тайынша - СҚО Тайынша ауданының әкімшілік орталығы, халқы - 11 446 адам.
  • Ембі - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала, халқы-11 808 адам.

Бұл шешім бірнеше және әртүрлі деңгейдегі талқылаудан кейін қабылданбайды.

Түзетудің артықшылықтарының бірі - қаланың мәртебесі ауылға өзгерген жағдайда, онда тұратындар заңнамада ауыл халқы үшін көзделген мемлекеттік және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады. Сондай-ақ, тұрғындар коммуналдық қызметтерге, қызметтік тұрғын үйге, жер мен мүлік салықтарына және т. б. байланысты бірқатар жеңілдіктерді пайдалана алады.