Астанада "Nur-Sultan" деген жол белгілері орнатылды

0
3 537

Жыл сайын ескірген маңдайшалар мен белгілерді ауыстыруға жыл сайын жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге көзделеді.


Астанада

ERNUR.KZ. "Nur-Sultan" деген жазуы бар жол белгілері астананың кіре берісі мен шыға беріс жолдарының жиегіне орнатылды, деп жазады Zakon.kz.

Бұдан бұрын қаржы министрі Әлихан Смайылов қала атауын өзгертуге байланысты қосымша шығындар қажет болмайды деп мәлімдеген болатын. Маңдайшалар мен жол белгілері жергілікті бюджет есебінен ауыстырылады деген.

Оның сөзінше, жыл сайын ескірген маңдайшалар мен белгілерді ауыстыруға жыл сайын жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге көзделеді.

Елордада сондай-ақ, "Астана-1" теміржол вокзалының атауы "Нұр-Сұлтан-1" деп, "Астана - Нұрлы жол" станциясы "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" деп өзгерген болатын.