Кәмелетке толмағандардың түрмесін Білім министрлігінің құзырына беру ұсынылды

0
499

Бұл ұсынысты ол ҚР Паламент Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары туралы» атты дөңгелек үстелде айтты.


Кәмелетке толмағандардың түрмесін Білім министрлігінің құзырына беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев кәмелетке толмағандардың жазасын өтеу мекемелерін Білім және ғылым министрлігінің құзырына беруді ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ұсынысты ол ҚР Паламент Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау және жазаны орындау саласындағы адам құқықтары туралы» атты дөңгелек үстелде айтты.

«Біздің елден басқа әлемнің еш жерінде кәмелетке толмағандардың түрмесі жоқ. Тіпті осы сөздің өзі құлаққа түрпідей тиеді. Осы құзыретті Ішкі істер министрлігінен алып, Білім және ғылым министрлігіне беруге болмай ма? Иә, кәмелетке толмаған болса да қылмыс істеді дейік. Бірақ ондай буынмен жұмыс істеуіміз керек қой. Дұрыс, қалыпты оңалту орталығы болу керек. Ал қазір тәрбиелеудің орнына қамауда қадағалап қана отырмыз. Осы арқылы-ақ қоғамға қауіпті адамдарды дайындап жатырмыз», - деді Мәжіліс депутаты Айбек Паяев.

Бұл сұраққа Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев жауап берді.

«Қазіргі кезде қылмыстық атқару жүйесіне қарайтын Алматы қаласындағы бір мекеме бар. Ол жерде кәмелетке толмағандар жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі таңда онда 59 бала бар. Яғни, Қазақстан бойынша бір мекеме бар.

Кәмелетке толмаған қыздар Алматы облысындағы Жауғашты елді мекеніндегі әйелдер жазасын өтейтін мекемеде жазасын өтеуі керек. Қазір ол жерде кәмелетке толмаған адам жоқ», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Айтуынша, бұл мәселенің қоғам талқысына түкенінен 3-4 жыл болған.

«Халықаралық тәіжрибелерді талқылап жатырмыз. Алматы облысының Ақтас ауылында арнайы психатриялық аурухана бар. Ол жерде күшейтілген күзет жұмыс істейді. Ғимараттың сыртын полиция күзеткенімен, ішінде науқастарды дәрігерлер ғана емдейді. Яғни, алдымызда кәмелетке толмағандардың түрмесін оңалту орталығына айналдырудың нақты мысалы бар. Осы тәсілді ұсынып отырмыз. Біз сыртқы периметрді күзетейік, ал ішінде жасөспірімдермен мұғалімдер, психологтар тәрбие жұмысын өткізсін деп отырмыз», - деді Айбек Паяев.