Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

0
1 288

2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.


Қанат Бозымбаев Президент көмекшісі болып тағайындалды

Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі.

1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл« ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.

2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.

2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009-2013 жылдары Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылы Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылдан бері ҚР Энергетика министрі қызметін атқарып келді.