Қанат Ислам мен Данияр Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды

0
849

Жартылай орта салмақта өткен айда 13-ші орында болған Данияр Елеусінов рейтингке ілінбеді.


Қанат Ислам мен Данияр Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Назарларыңызға қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынамыз:

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орнын сақтап қалды. Алғашқы екі позиция бос, үшінші орында – ресейлік Евгений Шведенко. Бұл дивизиондағы IBF әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Орта салмақта әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орнында қалды, ал Мейірім Нұрсұлтанов 12-ші орыннан 13-ші орынға төмен түсті, ал 14-ші орында болған Қанат Ислам рейтингке ілінбей қалды. Үздік 15-тің ішінде бірінші орында – бразилиялық боксшы Эскива Фалькао, екінші орын бос, үшінші орында – неміс Патрик Войцицки.

Жартылай орта салмақта өткен айда 13-ші орында болған Данияр Елеусінов те рейтингке ілінбеді. Бұл дивизионда әлем чемпионы – америкалық Эррол Спенс, алғашқы екі позиция бос, ал үшінші орында – оның отандасы Джарон Эннис.