"Қанға ұқсайды": Алматы маңындағы өзен кенет қызыл түске боялды

0
802

Қарасай ауданының әкімдігі мәселені анықтап, өзеннің не себепті қызыл түске боялғанын түсіндірді.


ERNUR.KZ. Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы өзен қызыл түске боялды, деп жазады Stan.kz.

"Қанға өте ұқсас", - деп, видео түсірген халық судың қою қызыл түсіне таңқалған.

Қарасай ауданының әкімдігі мәселені анықтап, өзеннің не себепті қызыл түске боялғанын түсіндірді.

"Қала тұрғынының белгісі бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына барды. Жақын маңдағы аумақты және айналаны тексергеннен кейін бұрын мал сойған жеке үй табылды. Олар қалған қанды өзенге құйған. Бұған жол бермеу мақсатында белгіленген үйдің тұрғындарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Қазіргі кезде өзендегі судың сапасы қалыпқа келді", - деп хабарлады әкімдік.