Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқан сарбаздардың ата-анасына сыйлық табысталды

0
1 270

Жас сарбаздардың ата-аналарына тұрмыстық техника, сондай-ақ, алғыс хаттар тапсырылды.


Қаңтар оқиғасы: Қаза тапқан сарбаздардың ата-анасына сыйлық табысталды

ERNUR.KZ. Жаңа жылдың қарсаңында қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан сарбаздар Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровтың ата-аналарына сыйлық табысталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жас сарбаздардың ата-аналарына тұрмыстық техника, сондай-ақ, алғыс хаттар тапсырылды. Офицерлер нағыз ерліктің үлгісі бола білген балаларды тәрбиелегендері үшін алғыс айтып, жаңа жылмен құттықтады.
Айта кетері, Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған және Қызылорда қалаларында терроризмге қарсы операцияны орындау кезінде қайғылы жағдайда қаза тапқан болатын.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен қызметтік борышын орындау кезіндегі ерлігі мен жанқиярлығы үшін олар қайтыс болғаннан кейін III дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталды.