Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланған қыздың денсаулығы жақсарды

0
423

Жәнел Мелдехан – оқтан қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің әпкесі.


Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланған қыздың денсаулығы жақсарды

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Айкөркемнің әпкесі, 15 жастағы Жәнел Мелдеханның денсаулығы жақсарды. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Олжас Құдайберген өзінің Telegram-арнасында мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зардап шеккен жасөспірімді емдеу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржы бөлген.

«Алматыдағы алғашқы операция кезінде кей оқ жарықшағы алынып тасталды, ал одан күрделірек жарықшақтарды алу үшін Стамбұлда (Koc University Hospital) ота жасау туралы шешім қабылданды.Тамыз айының басында Жәнел тексеруден өту үшін анасымен бірге Стамбұлға ұшып кеткен болатын. Содан кейін оған 16 тамызда ота жасалды. Операция сәтті аяқталып, 22 тамызда олар Алматыға қайтып келді. Оңалту жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір Жәнел өзін жақсы сезінеді!», - деп жазды ол.

Олжас Құдайбергеннің айтуынша, «Қазақстан халқы» қоры біржолғы төлемдерге қосымшаа (жалпы сомасы 13 млн теңге төленген – авт.) Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге көмек көрсету бағдарламасы бойынша отбасының есебінен операцияның және әуе жолының шығындарын қаржыландырған (қонақүй шығындарын кәсіпкер төлеген).

«Сонымен қатар қор Жәнелге арнайы білім беру депозитін ашу туралы шешім қабылдады, оны қазір апйдалануға болмайды, дегенмен мектеп бітірген кезде университетте оқу ақысын төлеуге болады. Ал егер ол мемлекеттік грантқа өз бетімен түсе алатын болса, онда депозитті өз қалауы бойынша басқа мақсаттарға пайдалана алады», - деді О. Құдайберген.

Еске салсақ, Жәнел ағасымен және сіңлісі Айкөркеммен бірге көлікте келе жатқанда жауған оқтың астында қалған. 4 жасар Айкөркем басынан алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жәнел бірнеше оқ жарақатына қарамастан, ғайыптан аман қалып, біреше күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.