Қаңтар оқиғасы кезінде Түймебаевтың ұлын атып кеткен күдікті ұсталды

0
835

11 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын.


Қаңтар оқиғасы кезінде Түймебаевтың  ұлын атып кеткен күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасында қаза болған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне күдікті ұсталды, деп жазады baq.kz.

Бас прокуратура растаған ақпаратқа сәйкес, күдікті 21 қазанда қолға түскен.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынды, - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетейік, биыл 11 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 6 қаңтар күні сағат 18:35 шамасында комменданттық сағат басталғанға дейін автокөлікпен үйіне қарай қайтып келе жатқан. Назарбаев көшесінің жоғарғы жағында Сәтпаев көшесіне жетер-жетпес жердегі қиылысқа аялдаған кезде белгісіз біреулер кенеттен оған оқ жаудырған. Алған жарақатынан Елнар оқиға орнында көз жұмды.