Қаңтар оқиғасы: Тағы екі лауазымды полицей ұсталды

0
545

Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан тағы екі лауазымды полицей ұсталды.


Қаңтар оқиғасы: Тағы екі лауазымды полицей ұсталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер негізінде қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды", – деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Сонымен қатар 1 және 2 сәуір күндері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары пен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде", – деп атап көрсетті Қилымжанов.