Қаңтар оқиғасында ұсталған шетелдіктердің басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары

0
610

Мәжілісте қаңтар оқиғаларын талқылау барысында депутаттар қанша шетелдік ұсталғанын сұрады.


Қаңтар оқиғасында ұсталған шетелдіктердің басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары

ERNUR.KZ. Осы ретте Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев 19 шетелдік қамауға алынғанын айтты, деп жазады Экспресс К.

"Бізде қылмыстық өндіріс бойынша 19 шетелдік азаматы бар. Оның ішінде 11-і Өзбекстан азаматы. Ал қалған 8 азаматьың төртеуі рескйліктер болса, екеуі Қырғызстаннан. Бір-бір адамнан Қытайдан және Тәжікстаннан. Бұл азаматтардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұрлық, басқа да қылмыстармен дәлелденген. Әрине, бұл түпкілікті дерек емес" деді Серік Шалабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде еліміз бойынша 230 адам қаза тапқанын айтқан болатын.