Қаңтар трагедиясы: Қанша адам лаңкестік актісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды

0
807

Еліміздің құқыққорғау органдары қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарды, әкімшілік ғимараттарды өртеп, ірі сауда орындарын тонағандарды, полиция мен әскерилерге қарсылық көрсетіп, оларға күш көрсеткендерді, сондай-ақ қару-жарақ дүкендерін тонап, қару қолданған адамдарды ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Қаңтар трагедиясы: Қанша адам лаңкестік актісі бойынша тергеліп жатқаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 3096 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Олардың басым көпшілігі өзгенің мүлкін қирату, бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары, деп жазады baq.kz.

Еліміздің құқыққорғау органдары қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырғандарды, әкімшілік ғимараттарды өртеп, ірі сауда орындарын тонағандарды, полиция мен әскерилерге қарсылық көрсетіп, оларға күш көрсеткендерді, сондай-ақ қару-жарақ дүкендерін тонап, қару қолданған адамдарды ұстау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-да өткен брифингте Қаңтар оқиғасына қатысты лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрестің бүгінгі нәтижелерімен таныстырды.

Оның айтуынаша, арнайы прокурорлар қазір лаңкестік туралы 181 қылмыстық істі тергеп жатыр. Барлығы 3096 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелген. Оның ішінде 741 азамат тонау, қару-жарақ ұрлау, тәртіп сақшыларына күш қолданды деген күдікке ілінген. Одан бөлек 113-і бұған дейін сотталған болса, 42 қатысушы – республикада тыйым салынған экстремистік топ мүшесі деп танылған.

Арнайы прокурорлардың басқаруымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздік және лаңкестік актілер бойынша 181 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық кодекс бойынша азаматтарға күш қолдану мен бизнес нысандарын, билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетуге ұласады. Алайда жекелеген тұлғалардың әрекеті халық арасында үрей туғызып, мемлекеттік ғимараттарға мемқызметті тоқтату үшін әрекет етті, - деді ол.

Мұндай іс-әрекеттер ҚР ҚК-ның 255 бабы бойынша лаңкестік акт ретінде қаралады екен.