Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

0
395

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыларға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және оған қатысу, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайының ғимаратына шабуыл жасау бойынша сот процесі жүріп жатыр.


Қаңтарда Алматы әуежайын басып алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әуежай ғимаратын басып алды деп айыпталған бес адам ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп жазады sputnik.kz.

2022 жылғы қаңтар трагедиясы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және Алматы халықаралық әуежайының ғимаратына шабуыл жасады деп айыпталғандар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі бес адамға шықты.
Әйгерім Тілеужанова - 4 жыл;
Қалас Нұрпейісов - 8 жыл;
Нұрлан Далибаев - 8 жыл;
Ермұхамет Шилібаев - 8 жыл;
Жанайдар Карменов - 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужанова ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының бірінші бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру" бойынша сотталды.
Азаматтық белсенді Калас Нұрпейісов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру", 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену", 269-бабы, 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотталды.
Нұрлан Далибаев ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша сотқа тартылды.
Ермұхамет Шилибаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", 269-бабының 3-бөлігі "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айып тағылды.
Жанайдар Карменов ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу" және 269-бабы "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бойынша айыпталды.
Сот отырыстарында сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамады. Олар сондай-ақ бір-бірімен алғаш рет сотта кездескенін мәлімдеді.
Үкім шыққаннан кейін сотталғандарды қолдау тобы оларды босатуды талап етіп, жанжал шығарды.