Қаңтардан бері көрінбей кеткен Асқар Мамин ел алдына шықты

0
521

Қаңтардан бері көрінбей кеткен еліміздің бұрынғы Премьер-министрі Асқар Мамин ел алдына шықты.


Қаңтардан бері көрінбей кеткен Асқар Мамин ел алдына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин ел құрамасын мұздағы кезекті жеңісімен құттықтауға келді, деп жазады exk.kz.

Үш жылға жуық Қазақстан Үкіметін басқарған Асқар Мамин қаңтардан бері көрінбей кеткен болатын. Тіпті оның қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен тергеліп жатқаны және үйқамаққа алынғаны туралы қауесеттер де таралды. Алайда әлеуметтік желіде таралған ақпараттарды ресми органдар теріске шығарды.

Кеше хоккейден Қазақстан құрамасы италиялық қарсыластарын 5:3 есебімен тізе бүктіріп, дивизиондағы өз орындарын сақтап қалды. Ойын соңында Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин шығып, ел командасын жеңісімен құттықтап, арнайы сыйлықты жеңімпаздарға табыстаған.

telegram



Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысынан басталып, еліміздің бірнеше аймағында жалғасқан ереуілден кейін Үкіметті отставка жіберді. Тоқаев Маминге қызметінен кетерінде алғыс та айтты.