Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты

0
585

Куәгер Қапшағай су қоймасы маңында болған жарылысты видеоға түсіріп алған.


Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты

ERNUR.KZ. Қапшағай маңындағы жарылыс демалушыларды шошытты, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгер Қапшағай су қоймасы маңында болған жарылысты видеоға түсіріп алған.

"Бір жарылыс болды. Ол жақта әскери бөлімдер, оқ-дәрілер сақталған қоймалар жоқ па еді?", - дейді видео авторы.

"2021 жылы 18 қыркүйекте Қапшағай қаласында қиыршық тас карьері аумағында жоспарлы жару жұмыстары жүргізілді, зардап шеккендер жоқ", - деп түсіндірді Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Еске салайық, тамыздың аяғында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шығып, салдарынан анықталмаған заттар жарылғаны хабрланған болатын. 17 адам қаза тапқан еді.