Қапшағай су қоймасында екі адам құтқарылды

0
716

Олар жағалаудан 150 метр қашықтықта жүзіп жүрген.


Қапшағай су қоймасында екі адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиғаның алды алынды, деп жазады sputnik.kz.

Қапшағай су қоймасында жағалауда жүргізілген кезекшілік барысында Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 1997 жылы туған екі ер адамды құтқарды.
"Олар жағалаудан 150 метр қашықтықта жүзіп жүрген. Алайда судың тереңірек жеріне барғанда олар суға бата бастаған. Құтқарушылар оларды дереу жағалауға жеткізді, алайда олар медициналық көмектен бас тартты" - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.