Қапшағайда купальник киген қыз капотқа секірді (видео)

0
735

Жүргізушіні көлік терезесіне орнатылған видеорегистраторы құтқарды.


Қапшағайда купальник киген қыз капотқа секірді (видео)

ERNUR.KZ. Жүргізуші жаяу жүргіншіні қаққандай жағдайды қасақана ұйымдастырып, ақша бопсаламақ болған екі адамның алаяқтық әрекеті жүзеге аспай қалды, деп жазады zakon.kz.

Жүргізушіні көлік терезесіне орнатылған видеорегистраторы құтқарды.

Жаяу жүргіншілер өтетін жолаққа жақындағанда жүргізуші бір нәрсені сезгендей, алдын ала тежеле бастайды. Мұны көрген қыз көлікке жүгіріп келіп өзі соғылып, шыңғырып жіберді.

Видео авторының жазғанына сенсек, қыз есінен танып қалып, бұл қойылымды видеоға түсіріп тұрған көшедегі "кездейсоқ куәгер" жігіт дереу дау шығармақ болған екен. Бірақ жүргізуші регистраторына видео жазылғанын айтқанда, әлгі қыз бірден есін жиып, Алматыға баруға ақша таппай, осындай әрекетке барғанын мойындапты. Ал жігіт қызды танымайтын адамдай, оқиға орнынан қарасын батырыпты.