Қар, бұрқасын және көктайғақ: Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
832

Күннің суытуына қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады.


Қар, бұрқасын және көктайғақ: Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклон салдарынан жауын-шашын (көбінесе жылбысқы қар), тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі. Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшкен атмосфералық ағындардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, батыстан екпінде жел соғады және ауа температурасының төмендеуі болжануда.

Күннің суытуына қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық норма жақын ауа температурасы күтіледі.