"Қара Бүркітте" сотталушы үйленді

0
394

Олар газеттегі хабарландыру арқылы танысқан.


ERNUR.KZ. "Қара Бүркітте" жазасын өтеп жатқан сотталушы үйленді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, олар газеттегі хабарландыру арқылы танысқан. Осылайша хат алмаса бастаған.

"Біз біраз уақыт араласып, артынша үйленуге шешім қабылдадым оны жоғалтып алғым келмеді", - дейді сотталушы.

Сотталушының некесі № 39 мекемеде тіркелді. Ер адам тонау ісі бойынша жазасын өтеп жатыр. Мекеме психологтарының сөзінше, мұндай оң өзгерістердің пайдасы бар - жанұя құру маңызды қадамы болып саналады.