Қара түске боялған Каспий теңізі тұрғындарды дүрліктірді

0
542

Экологтар видео түсірілген аймаққа барып, тексеріс жүргізген екен.


Қара түске боялған Каспий теңізі тұрғындарды дүрліктірді

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғындары Каспий теңізі суының қара түске боялғанын мәлімдеп, видер жариялаған. Көп ұзамай экологтар видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай құбылыстың себебін атады, деп жазады Stan.kz.

Экологтар видео түсірілген аймаққа барып, тексеріс жүргізген екен. Белгілі болғандай теңіз суының қара түске боялуына балдырлардың шіруі мен теңіз қайраңында лайдың жиналуы себеп болған.

"Лай көп жағдайда судың тартылуы мен тұрып қалуынан пайда болады. Судың тұрып қалуына жақында салынған заңсыз тасты пирс әсер кеткен. Пирсті бұзу жұмысы 19 мамырда аяқталды. Ағыс қалпына келгендіктен қазіргі таңда табиғи судың жаңаруы жүріп жатыр", – делінген Маңғыстау облыстық экология департаментінің хабарламасында.

Шенділердің мәліметінше жағалаудың бұл бөлігі 2021 жылдың 29 қазанынан бастап "Mangystau project" ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілген.