Қарағанды облысында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

0
537

Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті.


Қарағанды облысында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін, 28 желтоқсанда сағат 7:45-те Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жеке меншік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Жағдайды тексеру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылды.

Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, ЖаңАрқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.