Қарағанды облысында балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршінді тоқ соқты

0
1 089

Зардап шеккен бес жасар баланың қолы күйіп, ауруханаға жеткілген.


Қарағанды облысында балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршінді тоқ соқты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ойын алаңқайында бес жасар баланы тоқ соқты, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 4 қыркүйекте Ақсу-Аюлы ауылында орын алған. Зардап шеккен бес жасар баланың қолы күйіп, ауруханаға жеткілген. Куәгерлердің айтуынша, балалар алаңының маңында тоқ сымдары ашық жарық бағаны бар көрінеді.

Балаға алғашқы көмек көрсетілген, алдағы емді ол емді үйден қабылдайды, дейді дәрігерлер.

Қарағанды облысының ПД хабарлауынша, оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тексеру басталған.