​Қарағанды облысында белгісіз адамның денесі даладан табылды

0
1 150

Ол бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 32 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты.


​Қарағанды облысында  белгісіз  адамның денесі даладан табылды

ERNUR.KZ. Демалыс күндері полиция қызметкерлері Қарағанды облысының Шет ауданы аумағында ер адамның мәйітін тауып алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның мәліметтеріне қарағанда ер адамның мәйіті ағымдағы жылдың 14-ші сәуірінде Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылынан 5 шақырым қашықтықта табылған. Полиция қызметкерлері оның аты-жөнін анықтады. Ол бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 32 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.