Қарағанды облысында бір отбасының 3 мүшесі сібір жарасын жұқтырды

0
434

Ауру жұқтырды деген күдікпен тағы бір адам анализ тапсырды.


Қарағанды облысында бір отбасының 3 мүшесі сібір жарасын жұқтырды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының үш тұрғыны сібір жарасын жұқтырғаны расталды. Олардың барлығы да бір отбасының мүшелері, деп жазады inbusiness.kz.

Топар кентінің төрт тұрғыны Қарағанды қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Олардың үшеуінде сібір жарасы диагнозы расталса, төртінші пациенттің анализ нәтижесі әлі шықпады.

Белгілі болғандай, қауіпті инфекция ауру малдың етінен жұққан. Тұрғындар бұзауды сойып, оның етін жеген.

“Ауруханада сібір жарасы диагнозымен төрт науқас жатыр. Үш пациентте диагноз ПТР молекулалық-генетикалық әдісімен расталды. Тағы бір пациенттің сынақ нәтижелерін күтіп отырмыз. Соңғы пациент басқаларына қарағанда ауруханаға кеш түсті. Айта кету керек, барлық науқас бір отбасының мүшелері”, - деді облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының жетекшісі Ержан Жүнісов.

Науқастардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандар оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.