Қарағанды облысында екі күйеуін аяусыз өлтірген әйел 11 жылға сотталды

0
707

Әйел өз кінәсін мойындады.


Қарағанды облысында екі күйеуін аяусыз өлтірген әйел 11 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының түрғыны күйеуін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірінші күйеуі де осыдан 15 жыл бұрын айыпталушы әйелдің қолынан қаза тапқан, деп жазады kaz.nur.kz.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, күйеуін өлтіргеннен кейін әйел түрмеден босап шығып, көп ұзамай өзге ер адаммен азаматтық некеде тұра бастады.

Бір күні күйеуі ішімдік ішіп, әйелмен жақындаспақ болыпты. Ал келіншек оның бетін қайтарып жіберген. Сол үшін ер адам әйелге қол көтеріпті.

Ол балконға шығып, көмек шақыра бастаған. Ер адам артынан барып, келіншекті пәтерге қайта кіргізген.

"Ас үйге кірген әйел үстел үстіндегі пышақты алып, жәбірленуші отырған қонақ бөлмесіне барған. Келіншек суық қаруды оның кеуде тұсына сұғып жіберіпті. Алған жарақатынан ер адам оқиға орынында тіл тартпай кеткен", - деп хабарланды Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта.

Келіншек полициядан жасырынбай, құқық қорғау органдарын өз еркімен шақыртқан.

Ол ұрып-соғудан қорғану мақсатында осылай жасағанын айтып, өз кінәсін мойындады. Алайда тергеу бұл сөзбен келіспеді.

Қайрат Қасымовтың үкіміне сәйкес, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.