Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген

0
418

39 жастағы ер адам әйелді үшінші қабаттың балконынан жерге лақтырып жіберген.


Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген

Қарағанды облысында ер адам таныс әйелді балконнан лақтырып жіберген, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті.
Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйінде болған. Отырыс барысында екеу ара сөзге келіп қалған. Ашулы 39 жастағы азамат әйелді үшінші қабаттың балконынан жерге лақтырып жіберген.
Полиция қызметкерлері күдікті ұстады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.