​Қарағанды облысында күшті жел үйлердің шатырын ұшырып кетті

0
1 637


​Қарағанды облысында күшті жел үйлердің шатырын ұшырып кетті

ERNUR.KZ. 20 тамыз күні кешқе қатты жел Қарағанды облысы Нұра ауданының Тассуат ауылындағы мәдениет үйінің, орта мектептің және 12 үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Арнайы комиссия материалдық шығынның көлемі мен қайта қалпына келтіру ісін жүргізу бойынша жұмыс жасауда. Елді мекенде электр желісі үзіліп, жарық сөніп қалған.

21 тамызда электр желілерін жөндеу жұмыстары басталып кетті.