Қарағанды облысында пойыз бен Land Cruiser соқтығысты

0
1 932

Қарағанды облысында жыл басынан бері автокөлік жүргізушілер кінәсінен өтпелерде пойызбен үш соқтығысу болыпты. Ал 2018 жылы темір жолдарда 10 жол-көлік апаты орын алған.


Қарағанды облысында пойыз бен Land Cruiser соқтығысты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында Land Cruiser көлігі пойызбен соқтығысты, деп жазады «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2019 жылдың 3 наурызы сағат 5-тен 40 минут өткенде арнайы дабылы бар күзетілетін Қарағанды – Қырқыншы учаскесіндегі өтпеде Land Cruiser автокөлігінің пойызбен соқтығы болды. Пойыз машинисі жедел тежегішті басқанымен, арақашықтықтың аздығы баспауға мүмкіндік қалдырмады. Жапа шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметке қарағанда, автокөлік жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, жылжымалы құрамның жақындап қалғанына қарамай темір жолдың үстіне шығып кетеді.

Жыл басынан бері автокөлік жүргізушілер кінәсінен өтпелерде пойызбен үш соқтығысу болыпты. Ал 2018 жылы темір жолдарда 10 жол-көлік апаты орын алған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүргізушілерге темір жолдарда абай болуларын, ҚР жол-көлік ережелерін сақтауға шақырды.

Ережеге сәйкес, автокөлік жүргізушілері теміржол желілерін тек теміржол өтпелерінен пойыздарды (локомотивті, дрезинаны) өткізіп жіберіп барып жолды кесуі тиіс.

Теміржол өтпесіне жақындаған кезде жүргізуші пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) жақындап қалғанына көз жеткізіп, бұдан басқа, өтпе кезекшісінің белгілері мен шлагбаум қалай тұрғандығына, белгілерге, бағдаршамға, жол белгілерінің талаптарын басшылыққа алуы керек.

Өтпе кезекшісінің тыйым салу дабылы кезінде (шлагбаумның бар-жоқтығы немесе қалай тұрғандығына қарамай) бағдаршамның тыйым салу дабылы кезінде, (бағдаршам дабылынан тәуелсіз) шлагбаум жабылғанда немесе жабылып жатқан кезде теміржол үстіне шығуға тыйым салынады.

Бұдан басқа, өздігінше шлагбаумды ашуға, қарсы жолаққа шығып алдында тұрған көлік құралдарын айналып өтуге, теміржол өткелдері жоқ теіржол желілерін кесіп өтуге тыйым салынады. Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған кезде жүргізуші 2,5 «Тоқтамай қозғалуға тыйым салынады» белгісіне, тоқтау-сызыққа немесе теміржол өтпесі шекарасына келіп, ол жоқ болса бағдаршамға тоқтауы тиіс.